- Асет Балгабаев
#Primaries2020 кандидаттармен Сулейменова Ж.Д., Сейсенбаева А.Ә., Исингарина Ж.С. кездесу
24.09.2020 ж. Медеу ауданы "Nur Otan" партиясының филиалы Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ КМК «Жоғары медицина колледжі" "Колмедик" БПҰ -да #Primaries2020 кандидаттары Сулейменова Жулдыз Досбергеновна, Сейсенбаева Айнаш Әзімжанқызы және Исингарина Жанна Сериковнамен партия мүшелерімен кездесу өтті.



Сулейменова Жулдыз Досбергеновна - Алматы қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры.
1. Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Сапалы білім мазмұны: ауыл мектептерін ресурстармен қамтамасыз ету; Орта мектептерді заманауи физика, химия, биология, SТЕМ пәндік сыныптарымен толыққанды қамтамасыз ету; Шығармашыл, сандық және IT технологияларды меңгеретін оқушылар үшін «SТЕМ+ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР» кіріктірілген бағдарламалар орталығын құру; Орта білім мазмұнына мобильді онлайн желілік мектептердің әдістемелік тәжірбиесін тарату маңызды
2. Жастардың әлеуметтік әлеуетін арттыру, экономикалық мүмкіндіктерін нығайту:
Жастардың жеке даму траекториясын анықтайтын «кәсіби бағдар» бағдарламасын қабылдау; Еңбек әлеуетін, еңбек өнімділігі мен еңбек құзіреттерін дамыту арқылы өзгермелі экономикаға адам капиталын бейімдеу; Кәсіби бағдар, мансап стратегияларын әзірлеу және жүзеге асыру
3. Қазақстандық отбасының жаңа модельін қалыптастыру
Сейсенбаева Айнаш Әзімжанқызы, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві.
Бағдарлама: Рухани жаңғыру құндылықтарына, сапалы тұрғын үй құрылысына, әділ әрі ашық тұрғын үй кезегіне, шынайы ғылым-білімге, қол жетімді медицинасына.
Исингарина Жанна Сериковна - «TLK MEDIA» ЖШС бас директоры.
Бағдарлама: «Алматы - біздің үйіміз, біздің тарихымыз» аясында Алматы қаласының тарихи картасын жасау, тарихи – мәдени қалпын сақтауға бағдарлама әзірлеу.
Алматы – біздің үйіміз: жайлы, таза, қауіпсіз жасауға күш саламын.