ҚР Қарулы күштеріне 27 жыл, Ұлы Жеңіске 74 жыл толуына орай өткізілген салтанатты шеру


6 мамыр 2019 жылы Алматы қаласы «Жоғары медициналық колледжінде» ҚР Қарулы күштеріне 27 жыл, Ұлы Жеңіске 74 жыл толуына орай салтанатты шеру өткізілді. «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК-нің кафедра төрағасы Б.М.Абиев, АӘД пәнінің оқытушылары М.М.Рахметжанов пен Қ.Қ. Алмурзаевтың ұйымдастыруымен шеруге 9 сыныптан кейінгі 1-курс студенттерінен 9 топ қатысты. Топаралық жарыста әділ-қазылар алқасының төрайымы колледж директоры С.Е.Султангазиева, сонымен қоса тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім басшысы М.С.Файзуллин, Ауған соғысының ардагері А.К.Қалиев пен АӘД пәнінің оқытушысы М.М.Рахметжанов болды. Шеруде «Мейіргер ісі» 18-04 топ студенттері жеңімпаз болып танылып, жыл сайынғы «Көшпелі кубокты» иеленді. ІІ орынды «Мейіргер ісі» 18-08 топ студенттері жеңіп алса, ІІІ-орынды «Мейіргер ісі» 18-02 топ қанжығаларына байлады. Шеру өткізуге дайындық жүргізіп қолдау көрсеткен топ кураторларына алғыс білдіреміз. __________________________ 6 мая во дворе нашего колледжа прошёл торжественный парад, посвящённый 27-летию Вооружённых сил РК и 74-летию Победы над фашизмом. Организаторами парада выступила ЦМК «ОГД» в лице председателя Абиева Б.М., а также преподавателей дисциплины НВП Рахметжанова М.М и Алмурзаева К.К. В параде приняли участие студенты 1-х курсов на базе 9-х классов (9 групп). Выступление каждой группы-участницы оценивалось жюри: директором колледжа Султангазиевой С.Е., руководителем по воспитательной и социальной работе Файзуллинным М.С., приглашенным гостем, ветераном войны в Афганистане Калиевым А.К. и преподавателем дисциплины НВП Рахметжановым М.М. Победителем парада стала группа 18-04 «Сестринское дело», которая получила «Переходящий кубок». Второе место заняла группа 18-08 «Сестринское дело», третье место присудили группе 18-02 «Сестринское дело». Благодарим кураторов групп за оказанную поддержку в подготовке и проведении торжественного парада








Просмотров: 8
  • White Vkontakte Icon
  • White Instagram Icon
  • Белый Иконка YouTube

Мы на связи

Адрес

© 2020 КГП на ПХВ "ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ" Управление Общественного Здоровья города Алматы

Телефон: +7 (727) 387-10-11

Email: acollege@yandex.kz

ул. Л.Чайкиной 12А,

Алматы, 050020, Казахстан