• medcollege

«Таусылмайтын әңгіме» және «Құтқарушы»

2019 жылдың 4- сәуірінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы «Жоғары медициналық колледжі» студенттері «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қарекет» бағдарламасының «Таусылмайтын әңгіме» атты тақырыпта 60 жыл отасқан Бақытгүл апа мен Айхан атаның өмірі жайлы кезекті түсіріліміне көрермен ретінде қатысты. Қазіргі қазақ жастарына үлгі болатын өнегелі отбасы өмірімен танысты. Асыл ана 13 құрсақ көтеріп қазір 27 немере мен 15 шөбере көтеріпті. Тату тәтті отбасылық құпияларымен бөлісіп , жастарға ақылын айтып керемет өнеге алып қайттық.Өскелең ұрпаққа келешекте жанұялы болғанда үлгі алатындай және болашақта отбасы құндылықтарын сақтауда тәрбиелік мәні зор әсерлі кештің куәгерлері болып ой бөліскендеріне ризашылықпен тарасты.


2019 жылдың 4- сәуірінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы «Жоғары медициналық колледжі» студенттері «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қарекет» бағдарламасының өткен санында «Құтқарушы» атты тақырыбында дайындалған түсірілімге 21 жасында Есіл бойында бір қыздың өмірін құтқарам деген ойымен суға секіріп абайсызда омыртқасынан жарақат алып, қоларбаға таңылған Болат есімді азаматтың өмірімен таныс болдық. Ол кісінің бойындағы күш жігер мен өмірге деген махаббаты барлық адамды еліктірмей қоймады екен. Қазіргі кезде Лаура есімді жарымен бақытты өмір сүруде, көптеген мүгедек кісілерге арналған мүмкіндіктер ашып , кино түсіруді қолға алуда.Тағдырына мойымай , тек қана алға ұмтылған керемет бір жан екен... Бағдарлама барысында колледж студенттері өздерінің ойымен бөлісіп көпшілікпен бірге қол ұстасқан жанұяға бақытты өмір тіледі.



Просмотров: 15
  • White Vkontakte Icon
  • White Instagram Icon
  • Белый Иконка YouTube

Мы на связи

Адрес

© 2020 КГП на ПХВ "ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ" Управление Общественного Здоровья города Алматы

Телефон: +7 (727) 387-10-11

Email: acollege@yandex.kz

ул. Л.Чайкиной 12А,

Алматы, 050020, Казахстан