• Асет Балгабаев

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Әлеуметтік салаларды реформалауға арналған бастамалар жөнінде күн тәртібіндегі мәселеге кез-келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналғанын атап өтті.



Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ғылымды дамытуға баса мәнбере отырып «Жалпы ғылымға бөлінетін қаржыны жоспарлы түрде көбейтеміз. 2025 жылға қарай оны жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына дейін жеткіземіз. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тек ұлттық ғылыми-техникалық міндет тұрғысынан бөлінуге тиіс.


Медико-биологиялық зерттеулер, агроөндірістік ғылым, «жасыл» технология, жасанды интеллект, энерготиімділік сияқты салаларға ерекше мән беріп, қаржы бөлу керек», – деді Президент.


Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін, шын мәнінде, ауыр сынақ болғанын атап өтіп, бұл ахуалдың Қазақстанда кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартқанын жеткізді. Сондай-ақ бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқының қорғалмауы себеп болып отырғанын айтты. «Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәрігерлер алады.


Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Просмотров: 6
  • White Vkontakte Icon
  • White Instagram Icon
  • Белый Иконка YouTube

Мы на связи

Адрес

© 2020 КГП на ПХВ "ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ" Управление Общественного Здоровья города Алматы

Телефон: +7 (727) 387-10-11

Email: acollege@yandex.kz

ул. Л.Чайкиной 12А,

Алматы, 050020, Казахстан