Колледждің Психологиялық қызметі

 

Егер сіз қолдау мен көмекті қажет етсеңіз – колледжде

қабылдау жүргізетін педагогтар, психологтар:

  • Сыдықова Ғалия Нурақынқызы
  • Ахмедьярова Олеся Михайловна
 Мұнда сіз төмендегідей көмек түрлерін ала аласыз:
  • Психологпен әңгімелесіп, жеке кеңес алу

  •  Психологиялық диагностика әдістері арқылы өзінің ішкі әлемін тану

  •  Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша тренингтерге жазылу

  •  Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша пайдалы психологиялық ақпарат алу

Біздің жұмысымыздың принциптері:

бұл құпиялылық пен еріктілік.

ЖМК-да білім беру үрдісінің қатысушыларына барлық психологиялық көмек тегін көрсетіледі.

Жұмыстың негізгі түрлері:

жеке консультациялар (бір кездесудің ұзақтығы 40-50 минут), -диагностикалау,

тренинг элементтері бар топтық сабақтар, шағын-дәрістер.

Психологқа қай мәселе бойынша жиі жүгінеді?
  • Егер сіз өзіңіз туралы көбірек білгіңіз келсе, мамандықты таңдаудың дұрыстығына көз жеткізгіңіз келсе;
  • Егер сіз өз өміріңіздің сапасын жақсартып, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқыңыз келсе;
  • Егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болсаңыз және оның шығу жолын табу қиындық тудырса;
  • Егер сіз студенттік өмірге бейімделуде қиындықтарға тап болсаңыз;
  • Егер сіз өзіңізді бағалауды арттырып, өзіңізге сенімді болғыңыз келсе;
  • Егер сіз жақын адамыңыздың жоғалуын бастан кешсеңіз;
  • Егер сіз өз өміріңізде "өтпелі" кезеңді бастан кешсеңіз және оны дағдарыстық жағдай ретінде бағаласаңыз;
  • Егер сіз саналы және сапалы өмір сүруді үйренгіңіз келсе;
  • Егер сіз өз денсаулығыңызды жақсартып, психологиялық жағдайыңызды үйлестіргіңіз келсе;
 
Біз Сіздермен кездесуге қуаныштымыз!
Психолог кабинеті колледжіміздің 6 қабаты, 606 кабинетінде орналасқан.   
Дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін
  • White Vkontakte Icon
  • White Instagram Icon
  • Белый Иконка YouTube

Біздің байланыс

Мекен-жайы

© 2020 ШЖҚ МКК "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАСҚАРМАСЫ

Телефон: +7 (727) 387-10-11

Email: acollege@yandex.kz

Чайкина көшесі 12а,

Алматы, 050020, Казахстан