ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС 

ШЖҚ  МКК “Жоғары медициналық колледж” Тәрбиелік жұмыс

 

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледжіндегі» тәрбие жұмысы жоғары адамгершілік пен интеллектке ие, таңдаған мамандығын игеруге ұмтылатын және рухани-моральды, дені сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруда кешенді шараларды іске асыруға бағытталған.

 

Колледж өзінің тәрбие жұмысын ҚР «Білім туралы», «Тілдер туралы», «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, жыл сайынға ҚР Президентінің халыққа жолдауларын, «Қазақстан-2030» стратегиясын, Наркомания және наркобизнеске қарсы күрес бағдарламасын, Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа ала отырып іске асырады.

 

Тәрбиелеудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруда оқушылар алғашқы сынып сағаттарында танысқан арнайы жасалған құжаттар бар:

  • Колледждің тәрбие жұмысының тұжырымдамасы,

  • Колледждің жарғысы,

  • Оқушыларға арналған ішкі тәртіп туралы ереже ,

  • Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Студенттік Кеңес туралы ереже,

Тәрбие жұмысы жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі, ағымдағы күнтізбелік жоспар бар.

 

Педагогикалық ұжымның жұмысы тәрбиенің әртүрлі бағыттарына ие полимәдени тұлғаны тәрбиелеуге негізделген:

  • қазақи отансүйгіштік пен азаматтық тәрбиесі;

  • рухани-моральды мәдениет тәрбиесі;

  • оқуға қатынасы, өздігінен жұмыс істей алу қабілеті, білім берудің сапасын жоғарылатуға ұмтылыс;

  • жаңа саяси және экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлерге, ұлт мәдениеті мен тарихына деген сыйлы қатынасты енгізу;

  • эстетикалық және интеллектуалды мәдениетті енгізу, оқушылардың өзін-өзі дамытуға, білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге дайындығын қалыптастыру;

  • воспитание любви к избранной профессии, милосердия, гуманизма как основы национального согласия.

  • таңдалған мамандыққа деген махаббатты, мейірімділік пен гуманизмді тәрбиелеу.

 

Колледж патриоттық тәрбиеге үлкен көңіл бөледі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында оқушыларға мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелейтін жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады.​

 

Колледждегі мемлекеттік рәміздер: акт залында орналастырылған Ту, Елтаңба, Әнұран, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді. 

 

Колледжде мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру Қазақстан халқы тілдерінің апталығы, оқырмандар сайысы және тілдік жарыстар сияқты іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. «Менің отаным-Қазақстан» атты 1-2 курс студенттері арасында шығарма байқауы өткізілді. 

 

Колледжде Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары жетекшілік ететін домбыра оркестрі, студенттердің хоры бар.Қазақстан Республикасының бірлік күніне арналған «Кубок дружбы» КВН фестивалінде «За волю к победе» номинациясы бойынша сыйлықтарға ие болған оқушылар арасында КВН тобы құрылды. Еріктілер қозғалысын дамытуда колледж студенттері «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірлесіп жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай айлық өткізілді, топ кураторлары «Менің Қазақстан Республикам» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Жыл сайын Қазақстан Республикасының Рәміздер күні атап өтіледі және жазушы Б.Қойшыбаевпен кездесу өткізілді.​

 

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы», Қызыл Жарты ай қоғамы, СПИД орталығымен тығыз байланыс орнатылды. ДДҰ күнтізбесі бойынша әртүрлі аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі. 

 

Біздің колледж студенттері Алматы қаласының тұрғындарын профилактикалық тексеруге белсенді түрде қатысады. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап біздің колледжіміздің 25 студенті қазақ гимнастикасында «Айкуна» мамандығы бойынша оқып, Алматыдағы денсаулық сақтау мекемелерінде гимнастиканы насихаттады. Біздің колледж оқушылары қазақ гимнастикасын дамыту мақсатында бірнеше флеш-моб өткізді.Медициналық колледждің еріктілер тобы Алматы қаласының тұрғындарын және жастарды Айкуне қоғамына қосылып, денсаулықтарын жақсартуға, өз тәніне деген жақсы қатынасты қалыптасытыруға шақырды. ​

 

Жастар мен болашақ мамандарды Алматы қаласындағы заманауи қарқын мен өмір ырғақтарына белсенді тарту мақсатында колледж студенттері Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Медеу ауданы ұйымдастырған шараларға қатысады.

 

Колледж жас ұрпақтың моральдық тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі және діни конфессиялар өкілдерімен, Алматы қаласының әкімдігімен және Медеу ауданында моральдық тәрбие мәселелеріне, қоғамдағы діннің рөліне, отбасы мен жеке адамға, экстремизмге қарсы күрестің проблемаларына арналған кездесу өткізілді. Студенттердің таңдаған мамандығына қызығушылық танытуға және рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптасыру үшін тамаша адамдармен әңгіме-кездесулер өткізіледі.

 

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында әңгімелесулер, БАҚ материалдарын талқылау, кездесулер, сұрақ-жауап кештері өткізіледі.Медеу ауданы РОВД ОДН аға инспектордың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді.

 

Оқу жылы барысында Студенттік Кеңес өздерінің кездесулерінде жеке мәселелерді, сондай-ақ топтардағы академиялық тәртіптің жай-күйін қарастырады. 

 

Колледж студенттерді бейбітшілік пен келісім рухында және шындық, ізгілік, еркіндік, сүйіспеншілік, жеке тұлға, үйлесім сияқты моральдық нұсқаулықта тәрбиелеу үшін жұмыс істейді. Осы мақсатта «Мен тұлғамын», «Қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениеті» сынып сағаттары өткізіледі.

 

Колледждегі білім берудің кешенді бағдарламасына сәйкес, таңдаған мамандыққа және колледжге құрмет пен мақтаныш қалыптастыру жүзеге асырылады.Жыл сайын «Колледждің үздік студенттік тобы» атты байқау өткізіледі.

 

Студенттік өзін-өзі басқару колледж мерекелерін, қайырымдылық акцияларын, қоршаған ортаны қорғау күндерін, жарыстарды өткізуде белсенді қатысады.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында колледждің студенттік кеңесі қаланың жастар құрылымдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. 

 

Қорытынды:Колледждің тәрбие жұмысын саралау колледждің педагогикалық ұжымымен мұғалімдер мен қоса студенттерге өзін-өзі жетулдіру мен өзін-өзі көрсете білуге септігін тигізетін тәрбие жұмыс жүйесі құрылғандығын көрсетті.

  • White Vkontakte Icon
  • White Instagram Icon
  • Белый Иконка YouTube

Біздің байланыс

Мекен-жайы

© 2020 ШЖҚ МКК "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАСҚАРМАСЫ

Телефон: +7 (727) 387-10-11

Email: acollege@yandex.kz

Чайкина көшесі 12а,

Алматы, 050020, Казахстан