АНТИКОРРУПЦИЯ 

ШЖҚ МКК "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015–2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Мақсат және нысаналы индикаторлар

Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар:

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімі;

халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;

халықаралық қоғамдастықтағы елдің беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде "TransparencyInternational" сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

 

Стратегия Міндеттері:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы мемлекеттік қызмет;

қоғамдық бақылау институтын енгізу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет квазимемлекеттік және жеке сектордағы;

соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Стратегияның мақсаты мен міндеттері "НұрОтан" партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының ережелерін, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып "Қазақстан-2050" Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі ережесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

"Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 жарлығы

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия:

* Алматы қ. ҚДБ ЖМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ереже

* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамы

 

Байланыс ақпараты:

Сенім жәшігі.

Сенім телефоны: 387-38-97

  • White Vkontakte Icon
  • White Instagram Icon
  • Белый Иконка YouTube

Біздің байланыс

Мекен-жайы

© 2020 ШЖҚ МКК "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАСҚАРМАСЫ

Телефон: +7 (727) 387-10-11

Email: acollege@yandex.kz

Чайкина көшесі 12а,

Алматы, 050020, Казахстан