«SANALY URPAQ» СТУДЕНТТІК КЛУБЫ

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасының ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледжінің» жемқорлыққа қарсы «Sanaly Urpaq» клубы. 

Бұл клуб өз қызметін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасының ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледж» жемқорлыққа қарсы «Sanaly Urpaq» клубы туралы үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.

2019-2020 жылдарға арналған «Sanaly Urpaq» клубының миссиясы: патриот және бәсекеге қабілетті, жемқорлықтан арылған азат Қазақстанда тұратын білімді жастарды өсіру.

Клубтың мақсаты - білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы болатын ортасын қалыптастыру, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою.

Клубтың Стратегиясы еліміздің білім беру ұйымдарында ең үздік тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды сынақтан өткізу мен іске асыруға құрылған.

Ағымдағы жағдайды талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді, оларды шешу үшін клубтың негізгі бағыттары анықталған:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;

2) білім беру ұйымдарынының  шынайылығы мен адалдығы;

3) Академиялық адалдық;

4) білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;

5) ақпараттық қолдау.

 

Клубтың негізгі міндеттері барлық білім беру ұйымдарында және білім берудің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.

Клуб объектілері: жалпы білім беретін мектептер, орта арнайы (кәсіптік) және жоғары оқу орындары.

Жоба субъектілері: жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы орта (кәсіптік) оқу орындарының білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ барлық оқу орындарының оқытушылары, ата-аналары.

  • White Vkontakte Icon
  • White Instagram Icon
  • Белый Иконка YouTube

Біздің байланыс

Мекен-жайы

© 2020 ШЖҚ МКК "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАСҚАРМАСЫ

Телефон: +7 (727) 387-10-11

Email: acollege@yandex.kz

Чайкина көшесі 12а,

Алматы, 050020, Казахстан