Get Adobe Flash player

Сейчас на сайте

Сейчас 14 гостей онлайн
mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін34
mod_vvisit_counterКеше238
mod_vvisit_counterОсы аптада594
mod_vvisit_counterӨткен аптада1132
mod_vvisit_counterОсы айда1095
mod_vvisit_counterӨткен айда5702
mod_vvisit_counterБарлығы42593

Сейчас: 14 гостей онлайн
Сіздің IP-іңіз: 38.107.179.229
Бүгін: 07, Фев, 2012

Полезные сайты!!!

banner

 

 IMG_7997Алматы медицина колледжінде Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ,Алматы медицина колледжінің 30 жылдығына орай колледж директоры Садықова Ақмира Маханбетқалиқызының  басшылықа алуымен Қазақстанның халық әртісі,композитор,мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиев,сазгер Біржан Хасанғалиев,Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты,тележурналист,актер Рахман Омар,актер Дастен Шәкіровпен кездесу өтті.

Кешті өткізудің негізгі мақсаты жастарға «Ұрпақ сабақтастығы» атты ұғымды түсіндіру. Кездесу қонақтары аға ұрпақ өкілі,орта буын және жас өскелең ұрпақ арасындағы байланысты түсіндіріп, сабақтастыру.

Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашты. Колледждің жанынан құрылған «Жан дауа»  домбыра оркестрінің орындауында күйлер орындалып, стуенттердің отанға арналған өлеңдері оқылды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан»IMG_8006 «Жастар Қанаты»  ұйымдастырған «Жас Дарын 2011» байқауының  Бас жүлдегері 2 курс студенті Темірзақова Жазираның орындауындағы М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Н.Тлендиевтің «Отырардағы той» атты әнімен кештің ажарын аша түсті.Арнайы шақырылған қонақтарға  студенттер өз ойларындағы сұрақтарын қойып пікір алысты.Композитордың орындауында жанды дауыста әндер орындалып,көрермендермен қосылып «Атамекен» әні шырқалды, қимастықпен қоштасып,естелікке суретке түсіп,қолтаңбалары алынды.

Татулық,бірлік,ынтымақ-Қазақстан халықтарының ту етіп көтерер асқақ мүддесі.Тәуелсіздігіміздің тұғыры татулық.Кездесу кеші осы бір ұғымды дәлелдегендей болды.«Ауылыңда қартың болса,жазып қойған хатпен тең» деп ата бабаларымыз айтқандай жастар Тәуелсіздіктің  туын әрқашан биік ұстайтыны туралы айтты.Кездесу кешіне Бұқаралық Ақпарат Құралдарынан (БАҚ), «СТВ» каналы телетүсірілім жасады,Қазақ радиосының арнайы тілшісі келіп тікелей эфирге колледж директоры Садықова А.М. сұхбат берді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған

«Еңсесі биік, егемен елім!» атты салтанатты кеш өткізілді.Кештің мақсаты найзаның ұшымен,білектің күшімен елін, жерін жаудан қорғаған ата бабаларымыздың ерлігін жастарға үлгі-  өнеге ету, елін,Отанын сүйетін патриот азаматтар тәрбиелеу.Кешке  тарих ғылымдарының докторы Халлидулин Ғазиз Хайруллаұлы арнайы шақырылды.

Салтанатты кешті Алматы медицина колледжінің директоры

Садықова Ақмира Маханбетқалиқызы ашып, колледж студенттерін тек қана білім алып қоймай аудандық,қалалық әртүрлі өткізіліп жатқан тәрбиелік іс шараларға, сонымен қатар спорттық спартакиадаларға қатысып жүлделі орынға иеленген студенттерді «Алғыс хатпен»,шәкіртақы көлемінде ақшалай марапаттады.

Биылғы жыл қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл. Көк байрақты Қазақстан Республикасы мемлекетінің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр.Бүгінгіні бағалаймын десең, өткеніңе көз жүгірт деген.Тәуелсіздікке жету үшін халқымыздың басынанIMG_8256 кешірген қиын да ауыр тағдырын ұмытуға болмас.Студенттер  М.Шахановтың сөзіне жазылған «Рухы биік Отырар» атты өлеңге сахналық қойылым қойылды.Сонымен қатар ән айтылып, домбырамен күй шертіліп, студенттер Қазақстан туралы өлеңдер оқыды.Арнайы шақырылған қонаққа өз өнерлерін көрсетіп,ойларындағы сұрақтары қойылды.Кеш соңында колледжде білім алып жатқан тәуелсіздіктің құрдастары сахнаға шығып

«Атамекен» әнін шырқап,естелікке фотоға түсіп тарқасты.

  

 

Diplom_083Алматы медицина колледжінде Тілдер апталығы мерекесінің  ашылуы салтанатты түрде аталып өтті.Тілдер апталығының ұйымдастырушысы «Жалпы білім беретін пәндер » ; ЦӘК меңгерушісі:А.С.Қонақбаева.Биылғы апталықтың ашылуының ерекшелігі колледж студенттері «Қара жорға» ұлттық биін таңғы жаттығу ретінде билеп сабақтарына кірісті.

Тілдер апталығы барысында оқытушылар студенттер арасында ақындардың өлеңдерін оқудан әдеби сазды кештер ұйымдастырды.

Ұлы данышпан ақын А.Құнанбаевтың өлеңдерін және қара сөздерін студенттер жатқа оқыпDiplom_134 сайысқа түсті;

Ақиық ақын,М.Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Студенттер жырлайды » атты ақын өлеңдері оқылып,сөзіне жазылған әндері студенттердің орындауында шырқалды;

Қ.Аманжоловтың мерейтойына орай «.. Өзге емес өзім айтам... » атты жыр кеші өтті.

Ағылшын тілі пәні оқытушысы А.Қазыбаева студенттер арасында  А.Құнанбаевтың,А.Пушкиннің өлеңдерін ағылшын тілінде жатқа айтқызып сайыс өткізді.Арнайы әділқазылар алқалры студенттердің оқыған өлеңдерін бағалап, марапаттады,сонымен қатар озып шыққан оқушыларды

Diplom_267ұйымдастырылып отырған «Бір шаңырақ астында» атты студенттердің жыр мүшайрасына жолдама алды.

ҚР Тәуелсідігінің 20 жылдығы,Алмалы ауданының 75 жылдығы аясында  Алмалы ауданы әкімінің Кубогі үшін оғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы Спартакидасында Алматы медицина колледжі командасы қатысып 3 орынды иеленді.Осы спартакиадада қыздар арасында ұзындыққа секіруден 2 орынды 304 топ студенті Н.Шуликова;ұлдар арасында ұзындыққа секіруден 2 орынды Ғ.Асенов;денені көтеруден ұлдар арасында 2 орынды иеленген А.Сак марапатталды..«Бір шаңырақ астында» атты жыр мүшайрасы өтті. Кешке қоғам қайраткері Н.А.Лушникова қатысып әділқазы  төрайымы ретінде студенттерді бағалап,марапаттады.Кешті «СТВ» каналы телевизиялық түсірілімге түсірілді.Diplom_546

«Ұстаз ұлы тұлға» атты концерттік бағдарлама өтті.

ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл, Алматы медицина колледжінің 30 жылдық мерей тойына орай «Тәуелсіз елдің жас ұландары »  атты спартакиада «Динамо» стадионында ҚР Әнұранымен шырқалып,көгілдір туымыз көтеріліп ашылды.1 курс студенттері және 2,3 курстың жанкүер студенттері арасында өтті.Жарыстың 6 түрінен өткен сайыста 1-3 орын алған студенттер мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Сонымен қатар әр команда бойынша озып шыққан топ марапатталып,кинотеатрға,театрға сыйлықтар ұтып алды. ҚР Тәуелсідігінің 20 жылдығы,Алмалы ауданының 75 жылдығы аясында  Алмалы ауданы әкімінің Кубогі үшін оғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы Diplom_910Спартакидасында Алматы медицина колледжі командасы қатысып 3 орынды иеленді.Осы спартакиадада қыздар арасында ұзындыққа секіруден 2 орынды 304 топ студенті Н.Шуликова;ұлдар арасында ұзындыққа секіруден 2 орынды Ғ.Асенов;денені көтеруден ұлдар арасында 2 орынды иеленген А.Сак марапатталды.

 

Diplom_868Diplom_823Diplom_799Diplom_782 

 

Логин

akorda_kz bipvp_kz  bipvp_kz